Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
Дата: 21.07.2021 | |
Просмотры: 75 | Печать страницы |

1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліске 105 жыл толуына орай, Талдықорған қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен жаңа жоба авторы, ақын, журналист, өлкетанушы, Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі Қажет Андас мырзамен 2021 жылы 15 шілде күні сағат 12-00-де фейсбук парақшасында «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс» атты онлайн кездесу өтті. кездесу барысында: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы сұхбаттасып ой бөлісті.
Ең алдымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен барша көпшілік оқырман қауымды шын жүрекпен құттықтау сөзден бастады.
Ұлт-азаттық көтерілісті 1916 жылмен ғана байланыстырмауымыз керек. Өйткені, тек 1916 жылы ғана ұлт-азаттық көтеріліс болған жоқ. Басқа уақытта ұлтымыз тыныш ұйқтаған сияқты болып көрінеді. Ол шын мәнінде олай емес. Тарихты парақтап көретін болсақ 1991 жылға дейін Қазақстан аумағында 400-ге жуық ұлт-азаттық көтеріліс болғанына тоқталды. Бұлардың бәрін ұлт-азаттық көтеріліс деп айтамыз, өйткені кезінде берілген анықтамаға байланысты деп айтып өтті.
1916 жылы маусым айында, патшаның қазақ халқының 19 бен 31 жас аралығындағы азаматтарын майданның қара жұмысына алу туралы жарлығы шығады. Онсыз да патшаның жақсы жерін тартып алып, сырттан келген-дерге беріп, салық санын көбейткен қыс астығын майданға алу жөніндегі жарлығын күшейтіп, ел наразылығы өршіп, төзімінің шорт сынуына әкеп соқтырды. Патша үкіметі жергілікті билікті шектеп, басқаруды өз қолына алған шақта еркіндік пен бостандықты, азаттықты, ерлікті мұрат тұтқан халық көтеріліске шықты. Патша салығымен қоса жергілікті билеушілердің тізесі батқан халық азаттықты күреспен алғысы келді. Бұған ел билеуші болыс, старшындардың майданға жіберетін тізімін жасауда да түрткі болды.
Көтеріліс қазақ даласын түгелге жуық қамтыды. Семей жеріндегі, Торғайдағы (А. Иманов бастаған), Жетісу бойындағы (Б. Әшекеев бастаған), Батыс Қазақстандағы көтерілістерге халықтың көптеген әлеуметтік топтары қатысты. Көтерілісшілер жергілікті билеушілерді болыс, би, старшындарды өлтіріп, пошта қатынастарын үзіп, байлардың малын тартып алып, тіпті бірсыпыра жерлерде патша үкіметі әскерлерімен де шайқасты. Бірақ әр жердегі көтерілістердің басы бір жерге бірікпей, ауыл, болыс, аймақ, облыс деңгейінен аса алмады. Әскери даярлығы аз халық көтерілісшілері патша үкіметінің қаруы да, айласы мен арамдығы да мол әскеріне төтеп бере алмады. Бірақ бұл көтеріліс халықтың оянуына жол ашып, өз бостандығы, еркіндігі жолында күресе алатындығына сенім ұялатты. Биліктің халықпен санасуы керектігін естеріне салды. Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыған бүкілқазақтық сипаты бар аса зор қөтеріліс болды. Патшалық Ресейдің және де басқа түрлі қысымдардың отаршылдықтың тоталитарлық жүйенің қысымынан туындаған жалпыұлттық көтеріліс. Оның сан ғасырға созылған бостандық, тәуелсіздік жолындағы азаттық үшін күресіндегі алар орны ерекше. Бұған қазақтармен қатар қырғыздар, ұйғырлар, өзбектер қатысты деп тоқталып өтті. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс жайында көпшілік оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға тұжырымды жауап алды. Мақсаты: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы қазақ халқының тарихын білуге үйрете отырып, ұлтжандылық пен патриоттық тәрбие беру.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=3064910583781742&id=100022548073225