"Халық әртісі, педагог, композитор"
Дата: 15.07.2021 | |
Просмотры: 73 | Печать страницы |

2021 жылдың 15 шілде күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасы композитор, Қазақ КСР-нің халық әртісі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Латиф Хамидидің туғанына 115 жыл толуына орай «Халық әртісі, педагог, композитор» атты бейнеақпаратты желі оқырмандарына ұсынды. Кітапханашы А.Кантарбаева Латиф Хамиди туралы қысқаша бейнеақпарат берді. Мақсаты: оқырмандарға қазақ профессионалды музыкасының негізін қалаушылардың бірі Л.Хамидидің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, композитордың шығармаларындағы ерекше көзге түскен әндері туралы білімдерін дамыту, композитор шығармалары арқылы ұлттық мәдениеттілікке, өнерді сүюге тәрбиелеу.