Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек
Дата: 25.06.2021 | |
Просмотры: 57 | Печать страницы |

2021 жылы 23 маусым күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы «Жүрек жылуы» жобасы аясында, мүмкіндігі шектеулі жандарға орай «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» атты пікірталас кеші З.Искакова, Г.Мамутова, А.Майасаровпен өтті. Шара өту барысында ол кісілер өз ойларымен бөлісіп, көкейдегі сұрақтарын қойып, керекті жауаптарын алып, шараның тартымды өткені туралы жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар өсіп келе жатқан жас буындар мен жасөспірімдерге дұрыс бағыт-бағдар беру біздің парызымыз деген тұжырымдарын айта кетті. Мақсаты – жастарға, жас буындарға, жасөспірімдерге мейірімділік , қайырымдылық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, бір-біріне деген қарым- қатынасты нығайту болып табылады.