Рухани құндылығымызды сақтау – басты аманат
Дата: 25.06.2021 | |
Просмотры: 60 | Печать страницы |

2021 жылы 8 маусым күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы ескеткіштер күніне орай «Рухани құндылығымызды сақтау – басты аманат» слайд шоуды оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, жастардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Ескерткіштер туралы жастарға және жасөспірімдерге мағлұмат беру, түрімен таныстыру, көненің көзі, болашаққа аманат екенін түсіндіру. Ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштері арқылы жасөспірімдерді ұлтжандыққа тәрбиелеу.
https://www.facebook.com/100022548073225/videos/992297788198481/