Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз
Дата: 25.06.2021 | |
Просмотры: 54 | Печать страницы |

Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер болып табылдады.
4 маусым-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 2021 жылы 4 маусым күні «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз» атты слайд-шоуды көпшілік оқырман қауым назарына ұсынып отырмыз. Мақсаты: Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, Туы, Гимні туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін дамыту, Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу, көпшілік оқырман қауымның Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және дұрыс қолдануға бейімдеу, жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=980105542751039&id=100022548073225