Бақытты балалық шақ
Дата: 25.06.2021 | |
Просмотры: 48 | Печать страницы |

1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күнінің де өзіндік тарихы, мән-мағынасы бар. Осы мереке қарсаңында 3- ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 2021 жылы 31 мамыр күні мектеп оқушылары мен бүлдіршіндердің арасында «Бақытты балалық шақ» опен айр өтті. Еркін тақырыпта оқушылары мен бүлдіршіндер асфальтқа сурет салудан жарыс өтті. Мақсаты: Балаларға шын көңілден мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, балаларға мерекелік іс- шара ұйымдастыру. Балаларды қорғау күні қалай аталып өтілетінін өз көздерімен көрсету, балалардың жеке қасиеттерін дамыту, бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауға тәрбиелеу. Іс-шара барысында кітапхана меңгерушісі К.Табылдинова балаларды төл мерекесімен құттықтап, жарыста жеңіске жетулеріне сәттілік тіледі. Бұл жарыс тек қана асфальтқа сурет салумен ғана шектелген жоқ. Оқушылар мен бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салды, талантты балалар ән айтып, өлең шумақтарын мәнерлеп жатқа оқыды. Сондай-ақ, қазақтың ұмыт бола бастаған ұлттық ойындарының бірі «Асық атудан» ұл балалар арасында жарыс өткізілді. Іс-шара соңында белсене қатысқан оқушылар мен бүлдіршіндерге сый-сияпат табыс етіліп, балмұздақ таратылды. Ата-аналар кітапхана ұжымына ризашылығын білдірді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=978637236231203&id=100022548073225