Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған
Дата: 19.06.2021 | |
Просмотры: 92 | Печать страницы |

2021 жылғы 17 маусым күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы 20 маусым медицина қызметкерлерінің күніне орай «Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған» атты кездесу кеші жалпы оқырман қауымы арасында өтті. Шара өту барысында кешіміздің қонағы №33 учаскелік балалар дәрігері Л.Сансызбаева сөз сөйледі. Ол кісі денсаулықты қалай сақтап, қорғанып жүру керек екені туралы айтып өтті. Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, жастар, сендердің қолдарыңда – деп сенеміз. Мақсаты - денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан, коронавирустан сақтану жолдарын түсіндіру, салауаттылыққа өмір сүруге баулу, денесін шыңдауда шымыр да шапсаң ұқыпты да жинақы, ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.