Нар тұлға – Өмірзақ Озғанбаев
Дата: 19.06.2021 | |
Просмотры: 91 | Печать страницы |

2021 жылғы 14 маусым күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Ө.Озғанбаевтың туғанына 80 жас толуына орай «Нар тұлға – Өмірзақ Озғанбаев» атты ақпарат сағатын оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты – оқырмандарға саналы ғұмырын халыққа адал қызмет етуге арнаған, жасы сексенді алқымдаса да Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымының қоғамдық бірлестігінде белсенді қызмет атқарып келе жатқан Өмірзақ Озғанбайұлының өмірі мен шығармашылық жолы баяндалады. Академик, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, профессор Өмірзақ Озғанбаев ел алдындағы еңбегі үшін Отанымыздың «Барыс», «Құрмет», «Парасат», ТМД елдерінің «Содружество», Дүниежүзілік халықаралық қауымдастықтың жоғары наградаларымен марапатталғаны туралы айту. Жастарға және жасөспірімдерге еліміздің көрнекті тұлғаларының, алдыңғы буын ағаларымыздың жүріп өткен жолдарын кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге ретінде насихаттау, міне, тек осындай жауапкершіліктің арқасында ғана ұрпақтар сабақтастығы өзінің өміршеңдігін жоғалтпайды.
https://www.facebook.com/100022548073225/videos/986180688810191/