Құрбандар рухы ұмытылмайды
Дата: 08.06.2021 | |
Просмотры: 54 | Печать страницы |

Қазақ тарихындағы қаралы жылдардың бірі 30-шы жылдардағы ашаршылық пен 1937-1938 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін жылдары. Зұлмат жылдардың зардабы мен салдарын жас ұрпақ ұмытпауы керек. 1997 жыл- Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланды. Сол жылдан бастап 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленді. Осыған орай 2021 жылы 27 мамыр күні Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы 31 мамыр-қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Құрбандар рухы ұмытылмайды» деген тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты: саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің маңызын түсіндіріп, тарихтан тағлым алуға, өткенге тағзым етуге тәрбиелеу. Қазақстанның лагерьлер өлкесіне айналып, жазықсыз адамдардың жазаланып, азап шеккені жайлы баяндау. Қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мәлімет беріп, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу.