Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы
Дата: 07.06.2021 | |
Просмотры: 59 | Печать страницы |

2021 жылғы 19 мамыр күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы 21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні мерекесіне орай «Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы» атты бейнеролигін оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты – оқырмандарға мәдениет және оның қоғамдағы маңызы, материалдық және рухани мәдениет туралы түсініктерін қалыптастыру, қазақстан мәдениеті туралы ақпарат беру, әлем мәдениетін таныстыру, мәдениеттілікке, патриотизмге тәрбиелеу. Мәдениетті адамның жақсы қасиеттерінің бірі — сыпайылық. Сыпайылық – адамдарды құрметтеуден, адамгершілік қатынастардан тұрады. Өзгелерді сыйлау, оларға әдепті ілтипат білдіру өзін мәдениеттімін деп есептейтін әр адамға тән қасиет болуы керек. Мәдениеттіліктің тағы бір белгісі — қарапайымдылық, кішіпейілділік.
https://www.facebook.com/100022548073225/videos/969945430433717/