Жыл кітабын бірге оқиық!
Дата: 25.05.2021 | |
Просмотры: 93 | Печать страницы |

#Тәуелсіздікке30жыл30кітап.
#bizbirgemiz
#onlinekitaphana
Құрметті оқырмандар!
Қазақстанда республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Жыл сайын «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында кітапханада көптеген іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Аталмыш акция аясында «30 кітап-Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармасы жалпыхалықтық оқуға оқырмандар назарына ұсынылып отыр.
Осы орайда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 2021 жылы 12 мамыр күні пандемияға байланысты қашықтан онлайн түрінде Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәнінің мұғалімі Назгүл Блеутаеваның жетекшілігімен 9 сынып оқушылары арасында «Жыл кітабын бірге оқиық!» атты Мұқағали Мақатаевтың «Дариға жүрек», «Ей, өмір», «Сезбейсің ғой», Серік Ақсұңқарұлының «Көкейімде Күлтегіннің жазуы», «Жұмекеннің жүрегі», Тоқтарәлі Таңжарықтың «Айлы түн» өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. Іс-шараның мақсаты: Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=965393884222205&id=100022548073225