Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Кітап-асыл қазына"

Дата: 17.01.2020
Просмотры: 263 Печать страницы

  Кітап – қоғамның рухани күштерін дамытудың қуатты құралы, мәдениеттің қайнар бұлағы, оның өзекті саласының бірі. Рухани мөлдірліктің, биік парасаттың, асқақ адамгершіліктің, арқалы ойдың қоймасы.   Кітап – білімнің бұлағы болса, кітапхана – рухани байлықтың ордасы. Осы орайда,  бүгін В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында №14 мектеп-гимназиясының  Кадет бөлімінің  6 сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен «Кітап – асыл қазына » атты тәрбие сағаты өткізілді. Шарада оқушыларға «Алғашқы кітап қалай шығарылды?», «Кітап оқудың пайдасы қандай» деген бейнероликтар көрсетіліп, оқушылар өз ойларын білдірді. Сондай-ақ балалар өздері  кітап туралы дайындаған  нақыл сөздерін, мақалдарын айтып, жұмбақтарын жасырып, «Кітапты қалай емдеуге болады?» деген көрініс қойып, «Интернет кітаптың орнын баса ала ма?» деген сұраққа пікірталас жүргізді. Шара өте қызықты және тартымды өтті. Барлығы белсене қатысты. Аталмыш шара оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілді.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ