Рухани жаңғыру: туған жер, туған тарих
Дата: 11.01.2020 | |
Просмотры: 138 | Печать страницы |

«Туған жер» деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі, адам өзінің туған жерінің төлі. Сол даланың, сол жердің, сол мекеннің меншігі. Туған жерге деген сезім мен махаббаттың өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз. Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмірлік тұратын өлкесі. Осы орайда, 2020 жылдың 10 қаңтарында В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Білім» гуманитарлық колледжінің 2 курс білімгерлерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру: туған жер, туған тарих» атты танымдық сағаты өткізілді. Шараның мақсаты: Білімгерлердің туған елін, жерін, Отанын сүюге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, жас ұрпақтың бойында ұлтына деген патриоттық сезім қалыптастыру. Ұлттық салт – дәстүрді, еліміздің мақтаныштарының үлгі - өнегелерін құрметтей білуге тәрбиелеу Шарада әр білімгер өзінің туған жері, елі туралы баяндап, осы елдің перзентіміз, туған жерді әрқашан мақтан етеміз! Өз еліміздің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімізді қосамыз деген ниетпен шараны аяқтады.