«Нашақорлық-ғасыр індеті»
Дата: 26.04.2021 | |
Просмотры: 54 | Печать страницы |

Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 26 сәуір күні кітапхана оқырмандарымен «Нашақорлық-ғасыр індеті» деген тақырыпта пайдалы кеңес өткізілді. Шара барысында жастарға ескірткінің зияны мен қауіп қатері туралы кең көлемде мағлұмат берілді.
Қоғамда нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Нашақорлық - бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Есірткі әсіресе жас буын өкілдеріне өте қауіпті дерт. Жастарды көктей орып, жуадай солдыратын - көкнәр, апиын, наша тарту есірткіқұмарлыққа жатады. Есірткінің әлемнің көп елдеріне жайылып, жасырын бизнестің ең қауіпті түріне айналуы қазіргі кездің ең өзекті проблемаларының бірі. Бұл мәселенің шешілуі біздің мемлекетіміз үшін, жас ұрпақ үшін өте маңызды. Сондықтан есірткіге қарсы күресті ел болып, халық болып, уәкілетті органдардың ықпалымен жоюға ат салысу әр адамның азаматтық міндеті болмақ-делінді.