Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Қош келдің, Жаңа жыл

Дата: 30.12.2019
Просмотры: 175 Печать страницы
Қош келдің, Жаңа жыл

3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалы ұжымының ұйымдастыруымен 2019 жылы 30 желтоқсан күні сағат 10-00 де  «Қош келдің, Жаңа жыл» атты  ауыл бүлдіршіндері мен төменгі сынып оқушыларына арналған ертеңгілік өтті. Бүлдіршіндер  мен оқушылар жаңа жылдық ертеңгілікке әр түрлі кейіпкердің киімдерін киіп келді. Жаңа жыл мерекесімен кітапхана меңгерушісі К.Табылдинова бүлдіршіндер мен оқушыларды, ата- аналарды  құттықтап, ізгі тілегін білдірді.  Жаңа жылдық шыршаның  шамы жағылған сәтте мұнда жиналған оқушылар, бүлдіршіндер ата- аналар Жаңа жыл иесі Аяз ата, Ақшақармен  бірге қол ұстасып жасыл шыршаны айнала билеп  «Аппақ, аппақ жапалақтап қар жауады», «Аяз ата», « Қыс қызығы», «Зырлайды шанамыз» , «В лесу родилась елочка» т.б.  жырлар жырлады.  Барлық балалар  жаңа жылдық костюмдер киіп, Аяз ата мен Ақшақарға арнап  үйден дайындап келген әсем әндері мен билерін, тақпақтарын орындады, өнерлерін көрсетті.  Алдымен ескі жыл доңызды шығарып салып, жаңа жыл иесі тышқанды   қарсы алды. Аяз ата мен Ақшақар бүлдіршіндерге арнайы әкелген сыйлықтарын тарту етті.  Шара соңында ата – аналар ризашылығын айтып, жылы лебіздерін білдіріп, баталарын беріп тарқасты.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ