Халықаралық ескерткіштерді қорғау күні
Дата: 19.04.2021 | |
Просмотры: 80 | Печать страницы |

2021 жылдың 18 сәуір күні №6, №7 кітапхана филиалының ұйымдастырумен Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласындағы Қазақ батыры Қаракерей Қабанбай батырдың ескерткішінің жанында мәдени іс-шара өтті. Шара барысында кітапхана меңгерушісі Тынышбаева Жанна қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресінің негізгі басшыларының бірі-Қаракерей Қабанбай батырдың өмірі мен ерлігіне тоқталып өтті. Мақсаты: Қазақ батыры – Қабанбайдың өмірі, саяси қызметі, ерлік істері туралы мәлімет беру, тарихи тұлғаның психологиясын ашып көрсету оның ерлігі жайында кеңінен мәлімет беру, қазақ тарихындағы батырдың алатын орнын анықтау, тұлғаның өмірін оқыту арқылы логикалық, аналитикалық ойлауды дамыту және бабамыздың ерлігіне тарихи тұрғыдан баға бере білуге дағдыландыру, танымдық қабілеттерін арттыру, Ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ батырларының ерлігін үлгі етуге, құрметтеуге үйрету.
https://www.instagram.com/tv/CNzMIgyHcr6/?igshid=1bjbxsgpfij9u