Марапаттау рәсімі
Дата: 26.12.2019 | |
Просмотры: 264 | Печать страницы |

2019 жылдың 26 желтоқсан күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында жаңа жыл мерекесі қарсаңында кітапхана ұжымымен салтанатты жиын өтті. Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Арзанбекова Сәуле Аманбайқызы, Талдықорған қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұқышева Эльмира Кенжеғалиқызы, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ-нің директоры Сейтжанова Күлпан Калкенқызы ұжымды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ұжым 2019 жылғы кітапхана жұмысының жетістіктеріне арналып дайындалған слайдпен танысты. Жиын соңында Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Арзанбекова Сәуле Аманбайқызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасының «Кітапхана ісінің шебері» төсбелгісімен Еңбек ауылдық кітапханасының меңгерушісі Альбиланова Назгүл Досайқызын, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен қалалық балалар кітапханасының кітапханашысы Үзембаева Рая Қаниқызын марапаттады. Жиын соңы Талдықорған әуендерінің әншісі Заманбеков Тоқтарбектің орындауындағы әсем әндермен аяқталды.