«Халықаралық ескерткіштерді қорғау күні»
Дата: 19.04.2021 | |
Просмотры: 88 | Печать страницы |

Тарихи-мәдени ескерткіштер ұлтымыздың байлығы, халқымыздың өткенінен сыр шертетін қастерлі мұрасы. Өмірден өткенімен, көңілден өшпейтін бабалар есімін өшірмеу баршамыздың міндетіміз. Осы орайда Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалы 18 сәуір «Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне» орай Қадырғали Жалайыр бабамызға қойылған есерткішінің алдында іс-шара өтті. Шара барысында желі оқырмандарына Қадырғали бабамызға арналған ескерткіш туралы көлемді мәлімет берілді. Ескерткіш Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде, Алматы-Талдықорған автотрассасының бойында орналасқан. Ескерткіш 2008 жылы орнатылған. Қадырғали Қосымұлы Жалайыр 1530 –жылдары туып. 1605 жылдары шамасында қайтыс болған. Ортағасырдағы қазақтың ғұлама ғалымы, атақты биі. Шыққан тегі Ұлы жүздің тарақ таңбалы Жалайыр тайпасынан. Оның «Жалайри» аталуы осыдан. Туған жері Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы. Жастай білім алып, бірнеше тіл меңгерген Қадырғалидың өзі де хан сарайында қызмет атқарып, хан балаларын тәрбиелеу ісімен айналысқан.
Қадырғали Қосымұлы Жалайыр 1600 жылы өзінің атақты кітабы- «Жылнамалар жинағын» жазған.Қадырғалидың бұл шежіресі ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи еңбек. Ғұлама ғалым Шоқан Уалиханов бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған.
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 18 сәуір - «Халықаралық ескерткіштерді қорғау күні» қарсаңында қазақ поэзиясының құлагері, қазақтың суреткер ақыны, драмашы, прозашы, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің ескерткіші алдында іс-шара өтті. Ескерткіш 1994 жылы ақынның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында орнатылған, авторы- Төлеген Досмағамбетов. Орналасқан жері, І.Жансүгіров көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысқан жері, Жетісу мемлекттік университеті алдындағы алаң. Ескерткіш қоладан құйылып, онда ақынның биік жартастың үстінде, төменгі жақтағы табиғат көрінісіне көз жіберіп, толғанып отырған кейпі бейнеленген. Тұғыр ретінде ескерткіштің астына диамерті 8 - 9 метр, биіктігі 1,5 метр екі табиғи тас бірінің үстіне бірі қойылған. Жансүгіров ескерткіші 1995 жылы республикалық дәрежедегі ескерткіштердің есебіне еніп, мемлекет қорғауына алынды. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына кеңінен мәлімет берілді. Кітапхананың тұрақты оқырманы Ыбырайым Дана ақынның «Жаз» өлеңін оқыды.