Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Бердібек Соқпақбаевтың «Жекпе – жек» повестіне арналған оқырман конференциясы.

Дата: 13.04.2021
Просмотры: 215 Печать страницы
Бердібек Соқпақбаевтың «Жекпе – жек» повестіне арналған оқырман конференциясы.

2021  жылдың 13 сәуір күні  В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасы  «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында  ұлттық әдебиетімізге соғыстан кейінгі жылдары келіп қосылған, өзіндік келбеті мен дара болмысы бар талантты жазушыларымыздың бірі, қазақ  балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың «Жекпе – жек» повестіне арналған оқырман конференциясын өткізді. Аталмыш шараға Талдықорған қаласының №14 мектеп гимназиясының мұғалімі  Игисинова Жанар Майлыбайқызы және  7 В кадет сыныбының оқушылары қатысты.  Шара барысында кітапхана қызметкері Мұсағалиева Әйгерім «Жекпе-жек» повестінің желісі бойынша сұрақ-жауап ойынын жүргізіп, бейнеролик арқылы Бердібек Соқпақбаевтың әлеміне саяхат жасады.  Оқушылар «Жекпе-жек» повесті туралы пікірлерін білдіріп, ойларын жеткізді. Аталмыш шара Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылық еңбектерін таныстыра отырып, жазушы шығармаларының балалар үшін ерекше тартымды, мазмұнды екенін көрсете отырып, оқушылардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, ойларын, пікірлерін еркін айтуға, сөздік қорын молайту; оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу мақсатында өткізілді.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ