"Өлең, мен сені әлдилеп өтем..."
Дата: 25.12.2019 | |
Просмотры: 262 | Печать страницы |

2019 жылдың 25 желтоқсан күні В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында Талдықорған қаласының «Білім» және Талдықорған қаласының Сервис және Технология колледжінің білімгерлерінің қатысуымен қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты, асау арын, дара дарын, тума талант иесі Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Өлең, мен сені әлдилеп өтем..» атты поэзия кеші өткізілді. Кешке құрметті қонақ ретінде «Ардагер әжелер» ансамблінің белді мүшесі, әншісі, бишісі, Талдықорған қаласының құрметті азаматы Шара Бүркеқызы қатысып, «Жақсы көру», «Фариза» әндерін тарту етті. Білімгерлерде қалыс қалмай Фариза апайымыздың керемет өлең жолдарын оқып, домбырамен өлең айтып, келген қонақтарды тамсандырды. Сондай-ақ білімгерлерге ақынға қатысты криптограмма жасалып, кітаптарына библиографиялық шолу жүргізілді. Шара соңы Шара Бүркеқызының батасымен аяқталды. Аталмыш шара Фариза Оңғарсынованың өмір жолы мен шығармаларын жас ұрпаққа таныстыру. Оқырмандардың ой-өрісін, өз ойын еркін айтуға, айқын да айшықты тілмен сөйлей білуге дағдыландыру, адамгершілікке,отан сүйгіштікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткізілді.