
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев вакцинаның маңыздылығы туралы «Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын-деген болатын. Қазақстанда 1 ақпаннан бастап Ресейде шығарылған «Спутник V» вакцинасын пайдалана отырып, КВИ-ға қарсы вакцинация басталды. «Sputnik V» коронавирусқа қарсы алғашқы вакцина болды. Ол Ресейде Гамалея эпидемио¬логия және микробиология ғылыми орталығында дамыған және бірінші және екінші фазаның екі клиникалық сынақтары аяқталғаннан кейін 11 ¬тамызда тіркелген. Елімізде КВИ-ге қарсы вакцинация 2021 жылдың соңына дейін 6 миллионға жуық адамды қамти отырып жалғасады деп жоспарланған. Осы орайда «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің қызметкерлері ерікті түрде салына бастаған «Спутник V» вакцинасын алды.