Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Тарихи мұраны сақтау-біздің борышымыз

Дата: 08.04.2021
Просмотры: 103 Печать страницы
Тарихи мұраны сақтау-біздің борышымыз

#bizbirgemiz

    #onlinekitaphana

    Құрметті оқырмандар!

   Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен  «Тарихи мұраны сақтау-біздің борышымыз» атты строителлинг өтті. Мақсат: Тарихи өлкеміздің рухани және құнды мұраларын көздің қарашығындай сақтау, жастардың Отанға, елге, жерге деген патриоттық сезімін арттыру, ескерткіштер мен тарихи жәдігерлерді сақтауға үйрету. Іс-шара барысында кітапханашы К.Табылдинова  кітапхана оқырмандарына әлемде  Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні 1984 жылдан бері сәуір айының 18-інде атап өтіледі. Бұл күнді 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен болатын. Бүгінгі таңда осы ұйымның қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар. Дүниежүзінің 122 еліндегі 754 тарихи құндылық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. 2003 жылы осы тізімге еліміздегі «Әзірет Сұлтан» тарихи-архитектуралық кешені, Тамғалы тас шатқалындағы суреттер топтамасы кірді. Қазақстанда ұлттық құндылық болып табылатын 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Ескерткіштер қашанда ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінін саралауға мүмкіндік беретін маңызды құрал. Ескерткіш мұралары көне тарихтың куәсі. Олай болса, оларды насихаттау әрбір азаматтың парызы, сонымен қатар қамқорлығы болмақ.

 

  https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=944135643014696&id=100022548073225

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ