Туа біткен дара ақын
Дата: 24.12.2019 | |
Просмотры: 207 | Печать страницы |

2019 жылдың 24 желтоқсан күні Учхоз (ЗВТ) № 8 кітапхана филиалында Қазақстанның халық жазушысы, ақыны Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай «Туа біткен дара ақын» атты поэзия кеші оқырман қауымы арасында өткізілді. Мақсаты: Поэзия патшайымы Қазақстанның халық жазушысы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың өнегелі өмір жолын, өнерін, өр мінезін, асқақ рухын оқырмандарға насихаттау. Поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншілігін арттыру. Аяулы ақын апамызға деген оқырмандар махаббатын одан әрі үстей түсу. Фариза Оңғарсынованың досы, сенері, мұңдасы, сырласы, атар оғы, берер дәрі-дауасы поэзиясы болғанын көреміз. Фариза апамыздың қысқаша өмірбаяны туралы тоқталып өттік. Поэзия кешінің қонағы Самал Тұрсынбайқызы Дүйсенбинова Фариза апамыздың « Анама » атты өлеңін оқып, оқырмандарға тарту етті. Оқырмандар өз-ой, пікірлерімен бөлісіп поэзия кеші өте тартымды өтті.