Туысым–түп-тамырым, қазығым
Дата: 05.04.2021 | |
Просмотры: 84 | Печать страницы |

2021 жылғы 16 наурыз күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы шежіре күніне орай «Туысым–түп-тамырым, қазығым» атты бейнероликті оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты-жастарға және жас буындарға жеті атаны білу арқылы өзіңді тану, атадан үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие алу, ата текті құрметтеу, ұрпақ жалғастығы, отбасы құндылығы және тектілік туралы ұғымды ұғыну. Өзінің кім екенін, ағайын-тумаларының қайдан шыққанын білгізу, ұрпаққа шежіре үйрету, шығармашылыққа баулу. Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын- туысын, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел- жұртын тани білуге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер жетім», «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек.
https://www.facebook.com/100022548073225/videos/929858654442395/