"Кітап -ақыл ойдың қазынасы"
Дата: 05.04.2021 | |
Просмотры: 127 | Печать страницы |

Кітап – нәзік те, тұнық әлем. Кітап – білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы. Ұлтымыздың мерейі мен деңгейі қоғам мен мемлекетіміздің өркенін өсіруде қыруар пайда келтіретін осынау рухани қазына – кітап дей келе 2-сәуір халықаралық балалар әдебиеті күніне байланысты қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде Алматы облыстық есту қабілеті бұзылған арнайы мектеп-интернатының оқушыларымен «Кітап- ақыл ойдың қазынасы» атты кітап көрмесіне видео шолу ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіріп, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітаптың шығу тарихы жайлы түсініктерін кеңейту, білімге деген құштарлығын ояту, кітапты сүюге, таза ұстауға тәрбиелеу.