Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Адамгершілік асыл мұрат

Дата: 05.04.2021
Просмотры: 55 Печать страницы
Адамгершілік асыл мұрат

2021 жылы 12 наурыз  күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы «Жүрек жылуы» жобасы аясында, мүмкіндігі шектеулі жандарға орай «Адамгершілік асыл мұрат» атты строителлинг 2-топ мүгедегі Мырзакулова Узипа Дүйсенбіқызымен өтті. Әңгіме өрбу барысында әдептілік адамгершіліктің  асыл  қасиеті  екені  туралы пікірлесіп, өз ойын ортаға салды. Адам  баласының  бойында  жақсы да, жаман да қасиеттер болады. Біз  жастарға  және жасөспірімдерге  ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті,  инабаттылықты,  шыншылдықты үйрету керекпіз.  Сонда  ғана  адам   болатын  адамгершілігі  бар  бала – барлық   жақсы   қасиеттерді   үйреніп,  жаман   мінез әдеттерден, ұнамсыз  қылықтардан  аулақ  болуға  тырысады. Үлкендерді  сыйлау, ізет  көрсету  адмгершіліктің  белгісі  болып  табылады. Осындай  тәлім-тәрбиелік  шараларыңыз көп болсын деп тілегін білдірді. Әңгіме соңында Узипа Дүйсенбіқызы кітапхана  тарапынан  кітап әкеп, көңіл бөлгендеріңізге рахмет  деп  ризашылығын  білдірді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар бізде аз емес, ондай адамдарға  қамқорлық көрсетілуге  тиіс, бұл – өзіміздің   және қоғам алдындағы біздің парызымыз»-деп атап көрсетті. Мақсаты – жастарды мүмкіндігі  шектеулі  жандардың  қоғамға  бейімделулеріне  көмек  көрсетуге, олардың  бойындағы  дарындылық  пен  өмірге  деген  құштарлығын  көре  білуге, қоғамда  өз  орны  бар  екендігіне сенімді болуларына   жәрдем  беруге,  бауырмалдыққа  баулу. «Жанашырлыққа – жан  риза» дегендей, адам  өміріндегі  ең  игі  істерінің бірі – мұқтаж  жандарға қамқорлық  жасау. Адамдар  бір - біріне  қайырымдылық, мейірімділік таныту  арқылы  жақсылық  жасайды. Қамқорлықты  қажет  ететін  жандарға қол ұшын беру, олардың  қоғам  өміріне  белсене  араласуына,  дара  қасиеттерін  ашуға зор  мүмкіндік  береді.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=927251684703092&id=100022548073225&__cft__[0]=AZVxsUx2r3FnKXs_KeqhFP5yOB3mYy0__Aj_EZEiEZXlJ7F5zcsZUabkFR9nykM4IJCLTJ4RDzERG-d4xbbl4arS17IsLTnClSI7JHpgiaDpFXe-H7Oq3mTgq6h9vvdS6g0&__tn__=%2CO%2CP-R

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ