Ұмыт болып бара жатқан қазақ салт-дәстүрлері
Дата: 03.04.2021 | |
Просмотры: 88 | Печать страницы |

#bizbirgemiz
#onlinekitaphana
Құрметті оқырмандар!
Талдықорған қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында қашықтан түрлі мәдени іс-шаралар өткізіліп тұрады. Соның бірі- ақын, журналист, өлкетанушы, Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі Андас Қажет мырзамен онлайн жүздесу.
2021 жылы 25 наурыз күні сағат 11-00-де фейсбук парақшасы арқылы ұмытылып бара жатқан дәстүрлерді қайта жаңғырту, халық арасында дәріптеу мақсатында «Ұмыт болып бара жатқан қазақ салт-дәстүрлері» тақырыбында онлайн жүздесу өтті. Ең алдымен ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті-Наурыз мерекесі елімізге әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!,-деп ақ тілектен бастады. Бәрімізге белгілі дүниеде негізгі мемлекет құрудың және оны басқарудың тарихтан белгілі екі түрлі жолы болып келген. Біреуі заң арқылы, енді біреуі салт-дәстүр арқылы басқарып келген. Бұл енді бізде де, барлық елде де болып келген жағдай. Дүниедегі мемлекеттердің саяси құрылымына қараған кезде, кейбір елдерде заңмен басқарып, салт-дәстүрді шектеткен немесе салт-дәстүрмен басқарып заңды шектеткен. Заңға бей-жай қараған мемлекеттердің болашағы ұзаққа созылмаған. Біздің 3-4 мың жылдық тарихымызда заңмен және салт-дәстүрмен басқаруды бір-бірімен тәуелді етіп үйлестіріп келген ұлтпыз. Сондықтан да біздің мемлекетіміздің мәңгі мемлекет болуына бет алуының себебі осында. Қазіргі күнде халқымызды батыр еткен, бағбан еткен, ұлы дана еткен осындай жағдайға жеткізген халқымыздың салт-дәстүрі. Ал, бүгінгі жаһандану дәуірінде ұмытылып кеткен салт-дәстүрлерге тоқталып өтті.
Басқа ұлттарда болмаған қазақ халқына тән болған шежірелік дәуірден бастады. Біз өз тарихымызды шежіремен және тарихымыздан танимыз. Алғашқы қазақ болып ұлт ретінде танылғанан кейінгі негізгі шежіре қазақ хандығы тұсында жазылғанын бәріміз де білеміз. Яғни, қазақ хандығы осы шежіре арқылы үш жүзге бөлінді, үш жүздің территориясын, құрамын бөлу арқылы ел басқарудың негізгі тәсілін құрды. Шежіре арқылы жеті атаға толмай қыз алыспау – ата-бабамыздан бері келе жатқан қатаң құқықтық заң-ереже. Дүниеге келер ұрпақтың қанының тазалығы мен денінің саулығын сақтау мақсатында жеті атаға дейін қан араластырмау шарты бағзы заманнан институт болып қалыптасты. Бұл-физологиялық және психологиялық ауытқуды және ауруды тудыратын генетикалық өзгерістердің алдын алу үшін жасалған сақтық шарасы. Осы шежіре арқылы біздің салтымызды, әдет-ғұрыптарымызды осыған ыңғайлады. Шежіре жеті атасын тану ғана емес шежіренің түрі өте көп. Мысалы: «Елдік», «Дәуірлік», «Ұлттық», «Мемлекеттік». Шежірені ұмыт болған салт- дәстүрге сондықтан кіргізіп отырмын деп шежіре тарихына кең көлемде тоқталып өтті. Сондай-ақ, балаларды батылдық пен батырлыққа, ептілік пен қайсарлыққа баулу мақсатындағы ұлттық ойындарға тоқталды. Кездесу барысында оқырмандар тарапынан мынандай сұрақтар қойылды. 1. Қазақтың қонақ күту салтында бірнеше ерекшеліктер болған. Сол кездегі ұмыт болған салт-дәстүрлер бар ма? 2. Ұмыт болып бара жатқан қандай салт-дәстүрлер бар ? Немесе көбі білмейтін дәстүрлер бар ма? 3. Қазақтың табақ тарту дәстүрі. Оның түрлері қандай? Мәні, мағынасы неде? 4. Наурыз көже қалай жасалады? 5. Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыздың қазіргі таңда ұмытылуға шақ қалған салт-дәстүрлері қандай? 6. Әз-Наурыздың ерекше салт-дәстүрі «Ұйқыашар» мен «Селтеткізер» қазіргі қоғамда қаншалықты сақталып тұр? 7. Ұлттық ойындарымыз келе-келе ұмыт қалып бара жатыр. Сіз бұған не дейсіз? Ұлттық ойындарды насихаттап, оны сақтап қалуға деген қандай ұсыныс-пікірлеріңіз бар? 8. Сіздің онлайн сұхбатыңыздан, өзіміздің салт-дәстүрлерді білдім. Осындай жақсы ақпарат көп болсын. Сіз өзіңіз осы салттарды, дәстүрлерді ұстанасыз ба? Ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүр туралы көпшілік оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға тұжыырымды жауап алды. Қазіргі заманда барлығын жаңартамыз деп, өз ата салтымызды ұмыттық. Енді жасөспірім осы салт -дәстүрлерді біліп жаттаса игі болар еді .
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=935539053874355&id=100022548073225