Ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлер
Дата: 03.04.2021 | |
Просмотры: 63 | Печать страницы |

#bizbirgemiz
#onlinekitaphana
Құрметті оқырмандар!
Наурыз мерекесіне орай өткен он күндік мерекелік іс-шара аясында қазақ халқы-салт-дәстүрге өте бай халық. Ал салт-дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Қазақ елінде ертеден қолданылып келе жатқан салт-дәстүрлер ұмыт болып бара жатыр. Сол салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында 2021 жылы 23 наурыз күні 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен «Ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлер» бейнероликті фейсбук, инстаграм, вконтакте парақшаларынан әлеуметтік желі қолданушылардың назарына ұсындық. Мақсаты: Салт-дәстүр атадан қалған мұра, өз туған өлкемді, салт-дәстүрімді шын жүрекпен сүйіп және әлемге таныту, жоғалып бара жатқан салт-дәстүрлерімізді жаңғырту, келешекте тәрбиеге бай салт-дәстүрлер мәдениетінің нәрімен адамгершілік асыл қасиеттер үлгісін санаға сіңіру болып табылады. Ата-бабамыздың салт-дәстүрлерін мақтан тұтуға. «Халық-қалың орман, әрі пана, әрі қорған", - деп Қ.Мырзалиев атамыз жырлағандай, әр халықтың өзінің кәсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын салт-дәстүрі болады. Әр мемлекеттің көркі дәстүр салтына байланысты.
Қазақтың асыл мұраларын көзіміздің қарашығындай сақтап келешек ұрпаққа жалғастырып отыруымыз қажет.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=934380323990228&id=100022548073225