Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап

Дата: 03.04.2021
Просмотры: 59 Печать страницы
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап

bizbirgemiz

    #onlinekitaphana

    Құрметті оқырмандар!

   Қазақ әдебиеті-қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазір қазақ әдебиетінің туындыларын тиісінше оқып, зерделеп талқылауда өткір қажеттілік туындады. Дәл осы мақсатта кітап оқу, кітапқа деген қызығушылықты арттыру, халқымыздың әдеби мұрасын зерттеп, рухани мұраны сақтау мақсатында Қазақстанда республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап оқырмандар арасында өз орнын тауып келеді.

   Міне, биыл да 2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел-бір кітап» акциясы комиссиясының кезекті отырысында  ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр. Осы «Бір ел-бір кітап» акциясына орай, 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 2021 жылы 12 наурыз  күні «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына-30 кітап» атты виртуалды кітап көрмесі. Көрменің мақсаты: Кітап оқуды насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=927190114709249&id=100022548073225

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ