"Тәуелсіздік - азаттығым, бақ күнім!"
Дата: 13.12.2019 | |
Просмотры: 238 | Печать страницы |

Тәуелсіздік – тәуелсіздігімен, егемендігімен, тәуелсіз елі мен жері, тілі мен дінімен маңызды! Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтті. Сондықтан Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Осы Төл мереке қарсаңында В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхана қызметкерлері «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім!» атты іс-шара ұйымдастырды. Аталмыш шара Алматы облыстық Әділет департаментінің қызметкерлерімен өткізілді. Шара барысында қызметкерлер назарына «Тәуелсіздіктің тарихи жолы» атты слайд-презентация, «Ызғарлы желтоқсан», «Қара бауыр қасқалдақ» атты бейнероликтер көрсетілді. Шара Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолындағы тарихын баяндау арқылы жастар бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында өткізілді.