
Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Осы орайда, 2021 жылдың 31 наурыз күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасы желі оқырмандарына «Кітап-ғасыр мұрасы» атты сирек қормен таныстыру ұйымдастырды. Сирек кездесетін кітаптар қоры – ерекше құнды басылған шығармалардан, бірегей кітап коллекцияларынан тұратын кітапхана қорының бір бөлігі. Айта кетсек, сирек қордың ішіндегі ең көнесі 1875 жылы жарық көрген «Кровавый пуфь» атты кітабы, сондай-ақ коллекциямыздағы 1960 жылға дейінгі әр түрлі басылымдардан шыққан кітаптар оқырман назарынан тыс қалмады.