Тәуелсіздік – ұрпақтар мақтанышы
Дата: 13.12.2019 | |
Просмотры: 131 | Печать страницы |

2019 жылдың 12 желтоқсан күні 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана-филиалында «Тәуелсіздік – ұрпақтар мақтанышы» атты тарихи сағат өтті. Мақсаты:Оқушыларға Тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегенін түсіндіре отырып еліміздің тарихы туралы түсінік беру, ұлтын сүюге, отаншылдыққа тәрбиелеу. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек екендігін түсіндіріп өту. Шара соңында "Тәуелсіздік - бар бағыттың бастауы" атты кітапкөрмесіне кітапханашы К.Табылдинова шолу жасады. Шараға 15 адам қатысты.