«Кітапханаға барамын — сыйлық аламын» атты кітап оқу марафоны
2025 жылғы 16 маусым күні қалалық орталық кітапханасында «Кітапханаға барамын — сыйлық аламын» атты кітап оқу марафонының қорытынды шарасы ұйымдастырылды. Аталған марафон жыл басында, 2025 жылдың қаңтар айында бастау алған болатын. Мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында кітап оқуды насихаттау, бос уақытты тиімді өткізуге үйрету және әдебиетті сүюге баулу. Қорытынды шараға орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты кітапхана филиалдарының белсенді оқырмандары қатысты. Қатысушылар марафон барысында оқыған кітаптарын көпшілікке таныстырып, мазмұнына сай презентациялар жасады. Кейбір оқырмандар сүйікті кейіпкерлерін сурет арқылы бейнелеп, ерекше шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Шара соңында үздік қатысушылар I, II, III орындарға ие болып, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Бұл марафон балалар мен жасөспірімдердің оқу мәдениетін қалыптастыруға, кітапханаға деген қызығушылығын арттыруға үлкен үлес қосты. Шараға барлығы 42 адам қатыс...