Тарихтан туған рәміздер
Дата: 03.06.2025
Категория: Новости
Просмотры: 9
2025 жылғы 3 маусым күні қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде №2 орта мектептің 3 «Д» сынып оқушыларымен 4 маусым – мемлекеттік рәміздер күніне орай «Тарихтан туған рәміздер» атты патриоттық сағат ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау, оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту.