«Заманауи кітапхана -жаңа ұрпақтың тұлғалық даму аумағы» тақырыбында семинар
Дата: 14.05.2025
Категория: Новости
Просмотры: 12
2025 жылы 13 мамырда «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханада «Заманауи кітапхана -жаңа ұрпақтың тұлғалық даму аумағы» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты - Бүгінгі оқырман жастардың талабы заман талабына сай өте жоғары, олардың сұранысын қанағаттандыру, жас буынның кітап оқуға қызығушылығын ояту, жобалар аясында жаңа әдістермен кітап оқуды насихаттау .
Семинардың ашылуында Талдықорған қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ-сінің директоры Сейтжанова Кулпан Қалкенқызы кітапханалық семинарлардың маңыздылығы жайлы айтып , олардың кәсіби шеберліктерін шыңдап , кітапханашылардың жаңа жұмыс түрлерін өткізу әдістерімен бөлісетіні жайлы айтты.
Семинар барысында Талдықорған қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ -сінің әдіскері Калимуратова Саяжан Сембекқызы семинар бағдарламасымен таныстырып, семинардың өткізілу мақсатына т...