«Ұлтын сүйген, ұлтжанды азамат» атты әңгімелер керуені
Дата: 12.05.2025
Категория: Новости
Просмотры: 18
2025 жылғы 12 мамыр күні қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде №2 орта мектептің 5 сынып оқушыларымен белгілі публицист, жазушы, қазақ кеңес әдебиетінің классигі және қоғам қайраткері Әнуар Әлімжановтың туғанына 95 жыл толуына орай, «Ұлтын сүйген, ұлтжанды азамат» атты әңгімелер керуені өткізілді. Мақсаты: Әнуар Әлімжановтың шығармашылығын насихаттау, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту және жазушының өмірі мен шығармашылығын зерттеу арқылы патриоттық сезімге тәрбиелеу.