Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Шуағын шашқан – аялы алақан» атты поэзия сағаты

Дата: 06.05.2025 Категория: Новости Просмотры: 13
2025 жылғы 06 мамыр күні қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде №2 орта мектептің оқушыларымен «Шуағын шашқан – аялы алақан» атты поэзия сағаты өтті. Мақсаты: Балаларға мамыр айының екінші жексенбісі - Аналар күні екенін ұғындыра отырып, аналарына қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.

«Ұлы Жеңіс жасасын!» ақпарат сағаты

Дата: 06.05.2025 Категория: Новости Просмотры: 9
2025 жылғы 6 мамыр күні 3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалында Ұлы Жеңіске 80 жыл толуына орай «Ұлы Жеңіс жасасын!» атты ақпарат сағаты мектеп оқушыларымен өткізілді. Мақсаты: Отан үшін күрескен батырларымызды еске алу және олардың ерліктерін жастарға жетізу, Ұлы Жеңістің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсіндіру, Елін, жерін, Отанын қорғауға, оны сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімге баулу. https://www.instagram.com/reel/DJT0HbyI7rx/?

«Ұрпақтар ұмытпайтын Жеңіс!» атты тарихи сағат.

Дата: 06.05.2025 Категория: Новости Просмотры: 12
2025 жылғы 6 мамыр күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалында Ұлы Жеңіс күніне орай «Ұрпақтар ұмытпайтын Жеңіс!» атты тарихи сағаты мектеп оқушылары арасында өткізіліп, «Теңдесі жоқ тарихи жеңіс» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған азаматтарымызды, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

"Жеңіс рухы- мәңгілік мұра"атты тарихи сағат

Дата: 06.05.2025 Категория: Новости Просмотры: 11
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 6 мамыр күні "Жеңіс рухы- мәңгілік мұра"атты тарихи сағат мектеп оқушыларымен өтті. Мақсаты:«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу.

«Ер есімі – ел есінде» мәнерлеп оқу сайысы

Дата: 06.05.2025 Категория: Новости Просмотры: 12
2025 жылғы 6 мамырында Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай № 11 мектеп оқушыларының қатысуымен «Ер есімі – ел есінде» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Шарада Ұлы Отан соғысында қазақ елінің майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігі туралы мәліметтер берілді, оқушылар Жеңіс туралы тақпақтар оқып, жүлделі орын алған балалар марапатталды. Мақсаты; Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында балалардың бойына патриоттық сезімін ұялату, оқушыларды өз Отанын, елін, жерін сүюге, қаһарлы күндердегі халқымыздың үлгі тұтарлық қасиетін мақтан ете отырып, тәуелсіз еліміздің туын биікке көтеруге, құрметтеуге, мақтан тутұға тәрбиелеу. Шараға 30 бала қатысты. https://www.instagram.com/reel/DJTuK2qRuGC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== https://www.facebook.com/share/v/1Hmd5eyqza/
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ