"Шығармалар сыры" әдеби сағаты
Дата: 16.04.2025
Категория: Новости
Просмотры: 6
2025 жылғы 16 сәуір күні қалалық орталық кітапханасында «23 сәуір –Ұлттық кітап күні» фестивалі аясында Республикалық «Шығармалар сыры» кейворд-гексагон әдісі бойынша шара ұйымдастырылды. Шара «Бір ел – бір кітап-2025» республикалық акциясы туралы ақпарат беріліп, жазушы, ақын, сыншы, аудармашы Тәкен Әлімқұловпен, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, 2025 жылы 90 жылдық мерейтойы аталып өтетін Жұмекен Нәжімеденов жайлы деректі фильм көрсетілді. Шара барысында № 16 мектептің 8 «А» сынып оқушылары Тәкен Әлімқұловтың «Текті қасқыр» әңгімесін кілт сөздер арқылы мазмұндаса , №14 мектептің 7 «В» «Абайдың заңды жалғасы» Жұмекен Нәжімеденовтың өмірбаянын кілт сөздер арқылы таныстырып, ақынның өлеңдерін оқыды. Шара соңында «Ұлт рухын ұлықтаған қаламгерлер» атты кітап көрмесіне шолу өткізіліп, қатысушылар Жұмекен Нәжімеденовтың "Ме...