Книги
"Ғасыр саңлағы" Кемел Тоқаев
Кемел Тоқаевтың бұл жинағына бұрын жарық көрген “Сарғабанда болған оқиға”, “Қастандық”, “Түнде атылған оқ”, “Таудағы жаңғырық” атты повестері еніп отыр.
Төртеуінде де тәртіп сақшыларының қылмыскерлерді ашудағы табанды қимылдары, аңыз болар ерен істері суреттеледі. Отан алдындағы парыз, адалдық, тергеу кезіндегі қара қылды қақ жарған әділдік – кітапқа енген шығармалардың негізгі арқауы .
Повестердің сюжеті ширақ, оқиғалары шынайы, тартымды оқылады.
Түнде атылған оқ. Повестер. Астана: Елорда, 2007. -368 бет.