Книги
"Ғасыр саңлағы" Кемел Тоқаев
Жазушы Кемел Тоқаев – совет чекистері мен милиционерлерінің қиын да қызықты өмірін баяндаған бірнеше повесть пен әңгімелер жинағының авторы.
Жазушы бұл жинағында өзінің осы сүйікті тақырыбынан айнымаған. “Арнаулы тапсырма” повесінде Ұлы Отан соғысы жылдарында жау тылындағы ауыр, қатерлі де қиын кезеңдер, партизандардың өшпес ерлік істері, орыс, украин, қазақ және басқа ұлттардың достығы суреттелсе, “Көмескі із” повесі совет чекистерінің жау агентін әшкерлеудегі тапқырлығы мен батылдығын сөз етеді.
Бұл кітапқа енген шығармалардың оқиғасы тартымды да қызықты.
Көмескі із (повестер) Алматы қаласы “Қазақстан ” баспасы 1972ж 208 бет.